ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің он екінші кеңесіне қатысты

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің он екінші кеңесіне қатысты

Онлайн форматта өткен кеңеске әділет министрлері және ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары қатысты.

Тараптар әділет министрліктерінің қызметіндегі новеллаларды және өзара іс-қимылдың басым бағыттарын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әділет министрліктері қызметін цифрландыру мәселелерін талқылады. Он екінші кеңестің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Сондай-ақ, Әділет министрі Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының Құқықтық мәселелер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің депутаттарымен кездесті.

Кездесу барысында Министр делегацияны әділет органдарының қызметімен және құқықтық саладағы жүзеге асырылып жатқан реформалармен таныстырды, сондай-ақ Министрлікпен көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктерін ұсынды. Тараптар құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, адам құқықтарын қорғауды нығайтудың, сондай-ақ халықаралық құқық пен құқықтық көмек саласы бойынша өзара іс-қимылдың перспективалары туралы пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта өзара тиімді әріптестікті дамытуды жалғастыру ниетін растады.