Құрметті оқырмандар, Әділет министрлігінің борышкерлер тізіміне екі жағдайда ғана негізсіз түсуге болады:
1) борышкер атқарушылық іс жүргізу бойынша міндеттерін орындап, сот орындаушысына төлеу туралы квитанция сынды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда;
2) қате мәліметтер енгізілген жағдайда (аты-жөні, тегі, туған жылы).
Егер бірінші жағдай орын алса – қарыздың жабылғанын растайтын құжат қажет, ал екінші жағдайда жеке куәліктің көшірмесі керек.
Сондай-ақ, үйден шықпай-ақ болған жайт туралы министрліктің ресми сайтына www.adilet.gov.kz хабарлау керек немесе аумақтық әділет органына жүгіну қажет. Қате мәліметтер міндетті түрде тез арада жойылатын болады.
Егер сот орындаушысы жіберген қателіктің салдарынан Сіз қаржылық немесе моральдық шығындарға ұшырасаңыз, залалдың орнын толтыру үшін сотқа шағымдануыңызға болады.
Адамдардың аты-жөнінде де тегінде де сәйкестіктер кездесетін жайттар көп емес. Соңғы 3 жылда шамамен 4 оқиға тіркелген. Яғни жүйеге қате мәліметтерді енгізу ықтималдылығы әлі де орын алып отыр. Бұндай олқылықтардың алдын алу үшін министрлік қазіргі таңда тиісті жұмыс атқаруда. Шараны автоматтардыру мақсатында сот орындаушысы тізімге борышкерге қатысты ақпаратты өзі енгізбес үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімінде 1,5 млн адам тіркелген. Ол тізімге олар өндіріп алушының алдында ерікті түрде өз міндеттерін орындамағаны үшін түседі.
Борышкерлер тізіміне енбеу үшін азаматтарға, бірінші кезекте өздеріне тиісті міндеттерді ерікті түрде орындау қажет. Екіншіден, жиі болмаса да, арасында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтына (http://pravstat.prokuror.kz/rus)немесе ҚР ІІМ сайтына (http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD) кіріп, тексеріп тұру қажет.