Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Іс-шара барысында вице-министр әділет органдарының қызметінің тиімділігін арттыруға, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтарға құқықтық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жобалар туралы айтты.

Оның ішінде жасанды интеллект технологиялары, смарт-ассистентті енгізу, Атқарушылық өндірісті цифрландыру, Цифрлық нотариат, Атқарушылық жазбаны цифрландыру, E-Заң көмегі – цифрлық құқықтық көмек және Ұлттық зияткерлік меншік институты бірлесіп QazCopyright цифрлық платформасына тоқталды.