Заңнама және құқықтық ақпарат институты «Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының аясында Нормашығармашылықты жетілдіру және халықты құқықтық ақпараттандыру бойынша басым міндеттердің іске асырылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Заңнама және құқықтық ақпарат институты «Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының аясында Нормашығармашылықты жетілдіру және халықты құқықтық ақпараттандыру бойынша басым міндеттердің іске асырылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Іс-шараның модераторлары белгілі заңгер ғалымдар, парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелері - Марат Башимов пен Индира Әубәкірова болды.

Талқылауға Парламент депутаттары, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, басқа мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Іс — шараны ашу барысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев сапалы заңдарды қабылдау үшін айқын нормашығармашылық процесс пен қолжетімді құқықтық ақпараттандыру Мемлекет басшысының Жолдауларында айқындалған негізгі ұстанымдарды тиісті деңгейде іске асырудың ажырамас құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

ҚР Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның қабылдануының 35 жылдығы қарсаңында ведомство басшысы дәл осы құжат адам құқықтары мен мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігінің басымдығын айқындай отырып, тәуелсіздік пен заңдылықтың негізін қалағанын атап өтті.

Министр өз сөзінде мемлекеттің тұрақтылығы заң мен тәртіпті нығайтусыз мүмкін емес, бұл мемлекеттік саясаттың басты бағыты екеніне тоқталды.
Министр Әділет министрлігі жұмысының екі негізгі бағытын атап өтті.

Бірінші бағыт - нормашығармашылықты жетілдіру және құқықтық мониторингті дамыту.
Осы мақсатта сот практикасын, азаматтардың өтініштерін талдауға және тиімсіз нормаларды анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи технологиялар енгізілуде. Бұл заң шығару процесін неғұрлым айқын және ғылыми негізделген етеді.

Екінші бағыт — нормашығармашылық пен құқық қолдану практикасы арасындағы байланысты нығайту.
Заң іс жүзінде қолданылғанда өз мәнін табады, ал оны қолдану барысында қайшылықтар туындаса, норманы қайта қарау керек. Сондықтан сот практикасы мен кәсіби қоғамдастықтың кері байланысын жүйелі талдау маңызды.

Сондай-ақ, азаматтарды құқықтық ақпараттандыруға, заңнаманың цифрлық сервистер мен онлайн-құралдар арқылы қолжетімділігі мен түсініктілігін арттыруға ерекше назар аударылады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заңнама сапасын арттыру және құқықтық мәдениетті нығайту үшін әділет органдарының, ғылым және қоғам күш-жігерін біріктірудің, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Әзірленген ұсынымдар одан әрі жұмыс барысында пайдалану үшін жолданатын болады.