Аталған шара Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Еуразиялық патенттік ұйымның (ЕАПҰ) Әкімшілік кеңесінің қырық жетінші (отыз екінші кезекті) отырысы өтті.
Отырысқа Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттердің өкілетті өкілдері мен орынбасарлары қатысты.
Отырыс барысында ЕАПҰ-ның 2024 жылғы жылдық есебі және 2026 жылға арналған бюджет жобасы қаралып, мақұлданды. Сондай-ақ өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер мен патенттерге қатысты баждар мен өзге де заңды маңызы бар іс-қимылдарды төлеу мәселелеріне қатысты ұйымның жекелеген актілеріне өзгерістер бекітілді.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі негізгі мәселелер ЕАПҰ-ның Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеу туралы Гаага келісімінің Женева актісіне, Өнеркәсіптік үлгілер туралы Эр-Рияд шартына және Патент құқығы туралы шартқа қосылуы; Патенттік ережелерге және тағылымдамалар мен стипендиялық бағдарламалар туралы ЕАПҰ ережесіне өзгерістер енгізу және Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттердің өтініш берушілерін қолдау туралы ЕАПҰ ережесін бекіту мәселелері талқыланды.
Ұлттық патенттік ведомстволар мен Еуразиялық патенттік ұйым арасындағы ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Қазақстандық тарап ұлттық ведомстволар мен Еуразиялық патенттік ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, патенттік рәсімдерді жетілдірудің, аймақтық мемлекеттердің халықаралық келісімдерге қатысуын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.