ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингке қатысты

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингке қатысты

Аталған шара Әмбебап мерзімдік шолу (ӘМШ) және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (АСҚХП) шеңберінде Қазақстанның ұлттық баяндамаларын қорғау қорытындыларына арналды.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ҚР БҰҰ алаңында екі ұлттық баяндаманы қорғау рәсімдерінен сәтті өтуі туралы ақпарат ұсынды. Алынған ұсынымдарды орындау мақсатында азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестердің қатысуымен қабылданған міндеттемелерді кезең-кезеңімен және жүйелі түрде іске асыру бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты.

Вице-министр Президенттің реформаларына БҰҰ-ның мүше мемлекеттері мен сарапшылары тарапынан көрсетілген қолдауды атап өтті. Бұл реформалар заң үстемдігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған.

Іс-шараны қорытындылай келе, Ботагөз Жақселекова дипломатиялық корпус өкілдеріне адам құқықтарын қорғау мәселелеріне ұдайы көңіл бөлгендері үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін іске асыру саласында одан әрі сындарлы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.