Әділет вице-министрі Лаура Мерсәлімова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізді

Әділет вице-министрі Лаура Мерсәлімова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізді

Әділет вице-министріне Абай облысының тұрғыны нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және жариялау туралы қаулылардың заңдылығын тексеру мәселесі бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мен ресми жариялау тәртібінің құқықтық қырлары талқыланды. 

Өз кезегінде Лаура Мерсәлімова өтініш иесіне заңнама аясында түсініктеме беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына құқық шығармашылығы процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырмалар жүктеді. Азаматтың өтініші бақылауға алынды.