Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін  таңдау бойынша конкурсын өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың өкідері, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі. 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа және байқаушы ретінде қатысу үшін:

1) нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына және байқаушы ретінде ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың АЖТ, қызметінің саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып, үлгіге сәйкес (қоса беріледі) Министрліктің атына хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жіберілуі тиіс.

Образец 1

Образец 2

Конкурсты өткізу мерзімі:

2025 жылғы 20 қазанға дейін.

Байланыс деректері: 

📧 E-mail: a.satbekova@adilet.gov.kz

тел.: 74-76-87