Әділет Вице-министрі Лаура Мерсәлімованың төрағалығымен Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Әділет Вице-министрі Лаура Мерсәлімованың төрағалығымен Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде ҚР Әділет министрлігінде Әділет Вице-министрі Лаура Мерсәлімованың төрағалығымен мемлекеттік органдардың заң қызметтері басшылары өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында нормашығармашылық саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерінің іске асыруы, Үкімет Регламенті шеңберіндегі заң шығару процесіндегі жаңа тәсілдер туралы, артық нақтылауды болдырмайтын жаңа заңнама моделін қалыптастыру, әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік сот ісін жүргізу практикасын жалпылау, 2025 жылы қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру қорытындылары, сондай-ақ нормашығармашылықта жасанды интеллектті қолдану туралы мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдардың заң қызметтеріне нормашығармашылықтың  сапасын арттыруға және заңнама талаптарын қатаң сақтауға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.