Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Ұлытау өңіріне жұмыс сапарымен барды

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Ұлытау өңіріне жұмыс сапарымен барды

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Ұлытау өңіріне жұмыс сапары аясында Ұлытау облысы Әділет департаменті өкілдерімен және облыс активімен «Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Кездесу барысында заң үстемдігін нығайту, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру мәселелері, сондай-ақ сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлі талқыланды.

Министр реформаларды табысты іске асыру мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара тығыз іс-қимылы кезінде ғана мүмкін болатынын атап өтті. Ол құқықтық мемлекетті дамыту, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық институттар жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Заң мен тәртіп»қағидаттарының стратегиялық маңыздылығын атап өтті.