2025 жылдың 12 қыркүйегінде Конституциялық Сотта «Бейбітшілік пен болашақ – құқық арқылы» атты халықаралық конституциялық құқық форумы өтті.
Форумның I сессиясы аясында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Заң және тәртіп – бейбітшіліктің негізі: адам құқықтарын құрметтеу және мемлекеттің тұрақтылығы» тақырыбында баяндама жасады.
Министр өз сөзінде «Заң және тәртіп» идеологиясы конституциялық қағидаттарды жүзеге асырудың, әділ қоғам қалыптастыруға, мемлекеттілікті нығайтуға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған реформаларды іске асырудың негізінде жатқанын атап өтті.
Сессия жұмысына Венеция комиссиясының өкілдері, шет мемлекеттердің конституциялық бақылау органдарының судьялары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, отандық және шетелдік жетекші сарапшылар қатысты.
Іс-шара конституциялық заңдылықты және адам құқықтарын нығайту мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналды.