ҚР Әділет министрлігі Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған "Абай" трагедиясын тамашалады

ҚР Әділет министрлігі Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған "Абай" трагедиясын тамашалады

2025 жылдың 10 қыркүйегінде ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай сахналаған «Абай» трагедиясын тамашалады.

Спектакльдің авторы Мұхтар Әуезов. Қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.

Ұлы ақын, дана ойшыл, қазақ руханиятының шамшырағы Абай Құнанбайұлының тағдыры ғасырлар бойы өзектілігін жоймаған терең тақырып.

Мұхтар Әуезовтің шеберлігімен жазылған бұл трагедияда шиеленістер мен монологтар, махаббат күйлері жарасымды бірлік тапқан. Бір жағынан, эпикалық кең жоспарда той, сот ісі, сайлау, сатқындық сияқты да ірі оқиғалар баяндалса, екінші жағынан, солардың арасында бұрқ етіп шыққан дау, кісі өлімі сияқты драмалық және трагедиялық жайлар суреттелді.

Үшінші жағынан, романның бас кейіпкері, ақын Абайдың көңіл-күйі, жан құбылысы, жарқын ақындық сезімге бөленген табиғат, махаббат сырлары адамның ең нәзік эстетикалық сезімдерін оятады.