Әділет вице-министрі Лаура Мерсәлімова Ұлытау облысының Әділет департаменті ұжымына жаңа басшысын таныстырды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрімен келісіліп, Әділет министрлігінің Аппарат басшысының бұйрығына сәйкес, Айнабеков Азамат Әбдүкаримұлы Ұлытау облысының Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Азамат Айнабеков тағайындалғанға дейін Астана қаласының Әділет департаментінің басшысының орынбасары қызметін атқарды. Өз қызметін әділет органдарында 2013 жылы бастаған.
Вице-министр құқықтық мәдениетті көтеру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және атқару өндірісін жетілдіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол жаңа басшының кәсіби біліктілігіне сенім білдіріп, оған сәттілік тіледі.