KAZPATENT коронавирустың алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирустық инфекция штаммын әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарастыруда
НҰР-СҰЛТАН – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК (БҚПҒЗИ) ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ға (KAZPATENT) COVID-19 алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирустық инфекция штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтінім берді.
Қазіргі таңда екі өтінім де KAZPATENT-тің формалды сараптама кезеңінен өтті.
«Күні бүгінге дейін БҚПҒЗИ ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді:
Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі» - деп хабарлады KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров.
Патент өнертабыстың патентке қабілеттілігін, атап айтқанда, «жаңалық», «өнертабыстық деңгейге жеткендігі», «өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы» шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.
ҚР Әділет министрлігінің
Баспасөз қызметі