2025 жылғы 15 тамызда Астана, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыс орталықтарында «Тегін заң көмегі көрсетілетін ашық есік күні» атты ауқымды республикалық акция өтеді.
Акция әділет органдарымен адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Әділет органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті кеңестер береді және көмек көрсетеді.
Келіңіздер, құқықтық көмек қажет барлық азаматтарды күтеміз!
Сіздің өңіріңіздегі іс-шараның өткізілу уақыты мен орны туралы өзекті ақпаратты жергілікті мекен-жайыңыз бойынша Әділет департаментінен ала аласыз.