Азаматтарды қабылдау орталығына Министрдің қабылдауына Астана қалаласының азаматтары бірқатар мәселелерімен келді.
Атап айтқанда олар алимент өндіру, адвокаттардың және жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты шағымдарын жеткізді.
Өз кезегінде Ерлан Сәрсембаев өтініш берушілерге заңнама бойынша тиісті түсініктемелер беріп,тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына
азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. Барлық өтініштер жеке бақылауға алынды.