ҚР Әділет министрлігі мен Түркия Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

ҚР Әділет министрлігі мен Түркия Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2025 жылдың 29 шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына жасаған сапары аясында ҚР Әділет министрлігі мен Түркия Республикасының Әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум құқықтық саладағы ынтымақтастықты дамытуға, сот сараптамасы, адвокаттық және нотариаттық қызмет салаларында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен оқыту семинарларын, конференциялар мен практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.

Аталған екіжақты меморандумға қол қою бұрын орнатылған өзара іс-қимыл негіздерін нығайтудың маңызды кезеңі болып және екі ведомство арасындағы құқықтық саладағы жаңа бағыттар бойынша серіктестікті кеңейтуге ықпал етеді.