2025 жылдың 28 шілдесінде ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті АҚШ Сауда министрлігінің Сауда құқығын дамыту бағдарламасы (CLDP) өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық тарап зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жоспарланған заңнамалық бастамалар, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жаңалықтарымен бөлісті.
Тараптар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықтарын танытты. Өзара іс-қимылдың басым бағыттары ретінде контрафактілік өнімдерді анықтауға арналған цифрлық құралдарды пайдалану, маркетплейстерде зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау, интернеттегі зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға байланысты дауларды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару мәселелері бойынша тәжірибе алмасу атап өтілді.