Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады

Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады

АЛМАТЫ – ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (KAZPATENT) ұсынуымен Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің 36 отырысы шешімімен зияткерлік меншік саласының құрметті марапаты - «Өнертапқыштық және патенттік іске қосқан үлесі үшін» В.И. Блинников алтын медалімен медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қ. Әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және KAZPATENT Төрегелді Шарманұлын және Satbayev University қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтай отыра, зияткерлік меншік саласындағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді.

 

*Анықтама үшін:

В.И. Блинников атындағы медалі Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғауын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

 

ҚР Әділет министрлігінің

Баспасөз қызметі