ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагганмен кездесті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагганмен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, сондай-ақ адам құқықтарын ілгерілету және заңның үстемдігін нығайту жөніндегі бірлескен мәселелерді талқылады.

Әділет министрі канадалық тарапты әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Кристофер Дагган Қазақстанның заң үстемдігін нығайту саласындағы ілгерілеуін және халықаралық құқық қорғау стандарттарын ұстануын жоғары бағалады, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді. 

Кездесу Қазақстан мен Канада арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растай отырып, конструктивті және сенімді диалог жағдайында өтті.