Таразда Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды

Таразда Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды

Салтанатты ашылу шарасына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, ҚР Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тленчиев, ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов, Сот сараптамалары институтының қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау және сот органдарының, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауының арқасында облыстық Сот сараптамалары институтының инфрақұрылымын нығайта отырып, жүргізіліп жатқан зерттеулердің тиімділігін арттыруға және ұжымның еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді.

Жоба «ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жетілдіру жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде іске асырылды.

Министрлік пен облыс әкімдігінің ынтымақтастығы алдағы уақытта да жалғасатын болады.