ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Азаматтарды қабылдау орталығында Астана қаласы және Ақтөбе облысының азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. 

Қабылдауға келген азаматтар сот сараптамасы шешіміне және атқарушылық іс жүргізуге байланысты өз шағымдарын білдірді.

 Даниель Ваисов көтерілген сұрақты егжей-тегжейлі талдап, тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына жедел шешу үшін тапсырмалар берді.

Вице-министр аталған мәселені жеке бақылауында болатынын айтты.