Бүгін Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде әділет органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заңнама департаментінің директоры Думан Сүлейменов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» жаңа заң жобасының нормаларына тоқталды.
Ол аталған заң жобасы құқық қолдану тәжірибесін, халықаралық стандарттарды ескере отырып әзірленгенін және азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық сот ісін жүргізудің бәсекелестік сипатын күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ брифингте Мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Ерлан Жанәділұлы Мұсабаев сөз сөйлеп, қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет тарап ретінде қатысатын істердің саны қысқарғанын хабарлады.
Министрлік даулардың санын одан әрі қысқарту және мемлекеттің мүліктік мүдделерін құқықтық қорғаудың тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауды жалғастыруда.
Брифинг қорытындысы бойынша Әділет министрлігінің өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап беріп, қызықтыратын тақырыптар бойынша түсініктемелер берді.
Әділет министрлігі заңдылықты қамтамасыз етуге, мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғауға, еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге бағытталған міндеттерді жүзеге асыруды жалғастырады.