Maqsut Narikbayev University-нде зияткерлік меншік саласындағы кадрларды даярлаудың арнайы бағдарламасы бойынша магистранттардың алғашқы түлектерін шығару рәсімі өтті

Maqsut Narikbayev University-нде зияткерлік меншік саласындағы кадрларды даярлаудың арнайы бағдарламасы бойынша магистранттардың алғашқы түлектерін шығару рәсімі өтті

Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) арасындағы стратегиялық әріптестік аясында іске қосылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізу және кәсіби әлеуетті дамыту.

Диплом тапсыру рәсімі салтанатты жағдайда өтіп, оған академиялық қауымдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен халықаралық серіктестер қатысты. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан құттықтау сөз сөйлеген Әділет вице-министрі Дәниел Ваисов түлектерді шын жүректен құттықтады.

Өз сөзінде ол жоғары білікті кадрларды даярлау – орнықты даму мен инновациялық экономиканы құрудың басты шарты екенін атап өтті. Зияткерлік меншік саласында мамандарды даярлау - Қазақстанның құқықтық жүйесі мен халықаралық беделін нығайтуға қосқан үлесі.
Бұл түлектер легі – зияткерлік меншікті қорғаудың ұлттық жүйесін институционалдандыру жолындағы маңызды кезеңнің бастауы. Кәсіби мамандарды даярлау – цифрлық трансформация жағдайында нормативтік-құқықтық базаны, құқық қолдану тәжірибесін және құқықтық инфрақұрылымды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Әділет министрлігі осындай бастамаларды қолдауды жалғастыра отырып, еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтуға және зияткерлік меншік құндылықтарын кеңінен ілгерілетуге ниетті.