Бүгін Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсеитованың төрағалығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Марат Башимов пен Снежанна Имашева, «AMANAT» партиясы Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаевтің қатысуымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында әділет органдарының қызметі туралы және мемлекеттік қызметке қатысты ұжымдық қолайлы жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шараға министрліктің ұжымы мен «AMANAT» партиясының мүшелері қатысты.