Әділет министрлігінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы Өңірлік өкілімен кездесу өтті.

Әділет министрлігінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы Өңірлік өкілімен кездесу өтті.

2025 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы Өңірлік өкілі Матильда Богнердің кездесуі өтті. Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт шеңберіндегі Үшінші мерзімдік баяндаманы және Әмбебап мерзімдік шолу аясындағы Төртінші ұлттық баяндаманы қорғауға дайындық барысында көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар қорғау қорытындыларын, негізгі реформалардың жүзеге асырылуын және ӘМШ шеңберінде қабылданған 259 ұсынымды орындау бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Өзара іс-қимылды жалғастырудың, ашық диалог пен ынтымақтастыққа дайындығының маңыздылығы атап өтілді.

Адам құқықтарының индикаторларын енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан адам құқықтарын орнықты ілгерілету және халықаралық міндеттемелерді іске асыру мақсатында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасымен ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екендігін білдірді.