2025 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкіл А. Сыдыкованың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар» тақырыбында ақпараттық-тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинар жұмысына «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының сарапшысы Арман Нұрахметұлы қатысып, деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың қоғамға және мемлекеттік қызметке төндіретін қауіптері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, осындай ағымдардың ықпалына түспеудің алдын алу жолдары мен профилактикалық жұмыстарды жүргізудің тиімді тәсілдері талқыланды.
Іс-шараға Әділет министрлігі мен аумақтық әділет департаменттерінің қызметкерлері қатысты. Тыңдаушылар спикермен кері байланыс орнатып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Аталған семинар діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.