ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Азаматтарды қабылдау орталығында Алматы облысының азаматын қабылдады.
Қабылдауға келген азамат атқарушылық іс жүргізуге байланысты өз шағымын білдірді.
Даниель Ваисов көтерілген сұрақты егжей-тегжейлі талдап, тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына жедел шешу үшін тапсырмалар берді.
Вице-министр аталған мәселені жеке бақылауында болатынын айтты.