ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауы алаңында азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауы алаңында азаматтарды қабылдады

Министрдің қабылдауына Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз қалаларының және Маңғыстау облысының азаматтары бірқатар құқықтық мәселелерімен жазылған.

Атап айтқанда олар сот шешімдеріне, адвокаттардың және жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты шағымдарын жеткізді.
Өз кезегінде Ерлан Сәрсембаев өтініш берушілердің шағымдарын тыңдап, заң шеңберінде тиісті түсініктеме берді.

Сонымен қатар құрылымдық бөлімшелер басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Барлық мәселелер министрдің жеке бақылауына алынды.