Астанада «Қазіргі қоғамдағы нотариат: конституциялық кепілдіктері және уақыттың сын-тегеуріндері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Астанада «Қазіргі қоғамдағы нотариат: конституциялық кепілдіктері және уақыттың сын-тегеуріндері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Іс-шара еліміздің берік іргетасы, азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарының кепілі болыптабылатын, сондай-ақ Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының бағытын айқындайтыннегізгі заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конституция 30 жыл ішінде мемлекеттік билік институттарының қалыптасуымен нығаюында, тұрақтылық пен құқықтықтәртіпті қамтамасыз етуде, сондай-ақ елдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатына бағытталған ауқымды реформаларды жүргізуде маңызды рөл атқарды.

Конференция жұмысына Конституциялық Соттың төрағасы Әзімова Э.А., Жоғарғы Соттың төрағасы Мерғалиев А.А., Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Малахов Д.М., Мәжіліс депутаты Имашева С.В., сондай-ақ Әділет вице-министрі Жакселекова Б.Ш., Тіркеу қызметі және заң көмегін ұйымдастыру комитетінің төрағасы Калимова В.К. және заң қоғамдастығы мен нотариаттық палаталардың өкілдері қатысты.

Іс-шараға халықаралық делегациялардың қатысуы ерекше мән берді: конференцияға шетелдік нотариаттық қауымдастық өкілдері қатысты. Бұл нотариат саласындағы кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін кең алаң қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Конференция барысында құқықтық жүйенің трансформациясы жағдайында нотариат институтының дамуы, азаматтардың құқықтарына конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз ету, нотариат қызметін цифрландыру, нотариустардың біліктілігін арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар нотариат институтын – азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық жүйенің негізгі буыны ретінде одан әрі жетілдіру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.