Астанада «Зияткерлік меншік: бизнесті қолдау және патенттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында конференция өтті

Астанада «Зияткерлік меншік: бизнесті қолдау және патенттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында конференция өтті

Іс-шара «Орталық Азия - Қытай» саммиті аясында өтіп, зияткерлік меншік, инновацияларды құқықтық қорғау және өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған кездесулердің қорытынды кезеңі болды.

Конференцияға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Еуразиялық патенттік ұйымның, Қытай Халық Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік басқармасының, ҚР мемлекеттік органдарының, ғылыми мекемелердің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.

Конференцияның ашылуында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова сөз сөйлеп, аталған іс-шараның Қазақстан мен Қытай арасындағы қол қойылған Меморандум аясындағы келісімдерді іске асыру жолындағы нақты қадам екенін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы цифрландырудың дамудың басты бағыты екенін және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырудың маңызды шарты ретінде танылатынын көрсетті.

Аталған конференция мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тұрақты инновациялық ортаны қалыптастыруға және бизнестің зияткерлік меншікті құқықтық қорғаудың заманауи құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге деген жоғары қызығушылығын көрсетті.