2018 жылғы 24 қыркүйек - 2018 жылғы 2 қазан аралығында Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) атқарылған жұмыстарды қортындылайтын және алдағы жылға арналған жоспарларды қабылдайтын Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттердің Ассамблеясының 58-ші сессиясы өтті.
Іс-шараның жұмысына Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Пан Н.В. басшылығымен Әділет министрлігінің делегациясы қатысты.
ДЗМҰ Ассамблеясының 58-сессиясының барысында авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі, патенттік құқық туралы, тауар таңбалары, өнеркәсіптік үлгілер және географиялық көрсеткіштер туралы заңнамалар, даму және зияткерлік меншіктің тұрақты комитеттердің баяндамалары және т.б. тыңдалды.
24-25 қыркүйек аралығында қазақстандық делегацияның ДЗМҰ-ның Бас Директоры Ф. Гарри, ДЗМҰ Бас Директорының орынбасары С.Форбен, Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті С.Я. Тлевлесова. және зияткерлік меншік бойынша Федералдық қызметтің жетекшісі (Роспатент) Г.П.Ивлиеваен кездесулер өтті.
Осы кездесулер барысында Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы жетістіктері таныстырылды және ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланып, келісімдерге қол жеткізілді.