2025 жылдың 12 маусымында 15:00-де (мемлекеттік тілде) және 16:00-де (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша «Қазақстан Республикасында орта білім алудың кейбір мәселелері» тақырыбында онлайн-курс өткізілетін болады
Вебинарға қатысу арқылы, келесі сұрақтар бойынша ақпарат алуға болады: – ҚР білім беру жүйесіндегі деңгейлер;
– 1-сыныпқа құжат қабылдау тәртібі, орта білім беру ұйымдарына арналған міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар;
– мектептерде тегін тамақтануды алу тәртібі;
– «Мектепке жол» республикалық акциясы туралы ақпарат және т.б.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алады.
Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.
15:00 – де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.
16:00 – де вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты 8 (7172) 580058 нөмері арқылы алуға болады.