5 қазанда Оңтүстік Қазақстан облыстық Адвокаттар алқасында Шымкент қаласының Әділет Департаментінің басшысы Тастанов Орынбасар Зайдинович және Түркістан облысының Әділет департаментінің орынбасары М.Исабековтың қатысуымен ОҚО Адвокаттар алқасының жалпы жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде төралқа құрамын сайлау,төрағасын сайлау, Тексеру комиссия мүшелерін (ревизия) және төрағасын сайлау, Әдебі комиссия мүшелерін (этика) және төрағасын сайлау,Тәртіптік комиссия мүшелерін және төрағасын сайлау мәселелері қаралды.
Нәтижесінде, Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының төрағасы болып Баймуратов Серик Ширяздинович сайланды. Сондай-ақ, басқа да комиссия мүшелері жасақталды.