Әділет министрлігінде «Біз бірге – контарфактіге қарсы» республикалық фотосурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Әділет министрлігінде «Біз бірге – контарфактіге қарсы» республикалық фотосурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Антиконтрафакт–2025» республикалық акция аясында өткен «Біз бірге – контрафактіге қарсы» фотосурет байқауының жеңімпаздары марапаттау салтанаты өтті.

 «Кадр шебері» номинациясы бойынша жеңімпаз Валерия Ткаченко фотосуреті танылды. Оның жұмысы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен кантрафактілік өнімдердің таралуына қарсы тұрудың маңыздылығын дәл көрсетті.

«Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша жеңімпаз болып Матвей Дедяев танылды. Оның жұмысы Instagram желісінде ең көп қолдау жинаған.

Жеңімпаздарға дипломдар, естелік сыйлықтар – Ipad планшеттері және байқау жеңістерін мойындаудың белгісі ретінде гүлдер табысталды.

Сыйлықтарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен «DIALOG» паенттік бюросы тағайындалды.

Байқау 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткізілді және жастар фотосурет арқылыконтрафактілік өнімдердің таралуы мәселесі туралы ой қозғай алатынының жарқын мысалы болды.