Іс-шара Астана Халықаралық форумы қарсаңында өткізілген панельдік сессияның жалғасы ретінде зияткерлік меншік саласындағы жетекші халықаралық және ұлттық сарапшыларды жинады.
Талқылауда ғылым мен инновацияны дамытудың негізгі ресурсы ретінде зияткерлік меншік саласындағы мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелері қаралды.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова зияткерлік меншік саласындағы мамандарды даярлаудың, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) академиясының магистратурасын ашудың және Әділет министрлігінің білім беру жобаларын одан әрі дамытуға қызығушылығының маңыздылығын атап өтті. ДЗМҰ-ның осындай бірлескен магистрлік бағдарламалары Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 17 елінде ғана жұмыс жасауда.
Дөңгелек үстелге Өтпелі және дамушы экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабип Асан мырза және Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдері бойынша бөлім басшысы Илья Грибков бастаған ДЗМҰ делегациясы қатысты.