«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында 120 мыңға жуық азаматқа тегін заңгерлік көмек көрсетілді

«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында 120 мыңға жуық азаматқа тегін заңгерлік көмек көрсетілді

Аталған шара еліміздің барлық ірі қалаларында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен және ҚР Әділет министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі ұйымдастыруымен өтті.

Акция аясында азаматтарға адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен басқа да заң мамандарының өкілдері заңгерлік кеңес берді.

Бүгінгі күні "Халық заңгері" акциясы бойынша 120 мыңға жуық азамат тегін заңгерлік кеңес алды.