
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламентаризм институты, Заңнама және құқықтық ақпарат институты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу жөніндегі координатор – «Г. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, сондай-ақ Ғылыми сарапшылар реестріне енгізілген сарапшылар қатысты.
Талқылау барысында қатысушылар нормативтік құқықтық актілер жобаларына жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың сапасын және тиімділігін арттырудың, сондай-ақ сараптамалық қорытындылардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және азайтуға бағытталған әдістемелік тәсілдерді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстарды талқылау мен пікір алмасу үшін тиімді алаң болды.