Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі бірлесіп «Әйел құқықтары және қорғау механизмдері: стандарттардан қолдауға дейін» тақырыбында оқыту-семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі бірлесіп «Әйел құқықтары және қорғау механизмдері: стандарттардан қолдауға дейін» тақырыбында оқыту-семинар өткізді

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі және ҚазҰУ бірлесіп ұйымдастырған «Әйел құқықтары және қорғау механизмдері: стандарттардан қолдауға дейін» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға адвокаттар қауымдастығының өкілдері және заң кеңесшілері қатысты. Қатысушылар әйел құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау құралдарын, әйел құқықтарын қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды іске асыруды талқылап, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы қылмыстар бойынша істерге қатысу ерекшеліктерімен бөлісті.

Спикерлер:

1.Аида Альжанова – гендерлік теңдік, әйел құқықтары және тұрақты даму саласындағы сарапшы

2.Уразбахова Жанна Мухамадиевна – Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты

3.Байсакова Зульфия Мухамедбековна – Қазақстандағы заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі «Дағдарыс орталықтары одағы» басқармасының төрайымы

Іс-шараның негізгі тақырыптары:

•Қазақстанның әйел құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелері

•Сексуалдық сипаттағы қылмыстар бойынша істерге қатысу ерекшеліктері

•Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау құралдары