ҚР Әділет министрлігінің делегациясы Санкт-Петербургте өткен заң форумында цифрландыру және құқықтық реформалар тәжірибесімен бөлісті

ҚР Әділет министрлігінің делегациясы Санкт-Петербургте өткен заң форумында цифрландыру және құқықтық реформалар тәжірибесімен бөлісті

XIII Петербург халықаралық заң форумына Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен ҚР Әділет министрлігінің өкілдері барды.

Іс-шара барысында Министр қатысушыларды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы, сондай-ақ «Digital Justice» жобасы шеңберінде әділет органдарын цифрлық трансформациялау барысы туралы айтты.  

Форумға қатысушылар ҚР Әділет жүйесін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті және одан әрі тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.