Меню
Страницы

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

Ағымдағы жылғы 15 қарашада  сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.

Отырыста:

  1. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысын қарастыру (әзірлеуші – Парламент депутаттары);
  2. Заң жобаларының тұжырымдамаларын қарастыру:

2-1) «Ардагерлертуралы»(әзірлеуші ЕХӘҚМ);

2-2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ЕХӘҚМ);

2-3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – СІМ);

2-4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ӘМ).

Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.

Журналистерді тіркеу 2019 жылғы 15 қараша сағат 13.00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі.

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01,  74-06-02

Социальные медиа
YouTube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты