
Құрметті азаматтар!
Сіздерді ҚР Әділет министрлігінің ресми парақшасында 8 тамыз күні сағат 11:00-де өтетін тікелей эфирге шақырамыз.
🎙 Спикер: Досжанова Гаухар Бейсенбекқызы — ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау комитетінің басқарма басшысы.
📌 Эфир тақырыбы: Атқарушылық іс жүргізудің проблемалық мәселелері
Эфир барысында спикер:
▪ Атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелерді,
▪ Сот актілерін орындау барысындағы негізгі қиындықтарды,
▪ Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіріп береді.
Сонымен қатар, тікелей эфир барысында сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.