Меню

Страницы

Статья

Нормашығармашылық

Қоғамдық қатынастарға нәтижелі және мақсатты құқықтық ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі құралы нормашығармашылық қызмет болып табылады.

Заң шығару қызметі-құқық шығару қызметінің негізгі, ең маңызды бөлігі, норма шығару процесінің жалпы жүйесінің бөлігі.

Заң шығару саласындағы негізгі міндет әзірленетін заң жобаларының сапасы болып табылады, бұл олардың заңдық пысықталуына ғана емес, сондай-ақ мәселені шешудің әлеуметтік, экономикалық, қаржылық құрамдас бөлігінің пысықталуына, статистикалық деректерді зерделеуге, құқық қолдану практикасын талдауға, оң халықаралық тәжірибені және т. б. қолдануға байланысты.

Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының үйлестірушісі ретінде заң жобаларының сапасына ерекше көңіл бөледі.

Заң сараптамасы (Президент және Үкімет актілері)

Заң сараптамасы-Нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексеру.

Заң сараптамасының міндеті адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігіне, Қазақстан Республикасының егемендігіне, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты дамуына бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына заңдық сараптама жүргізу барысында олардың жоғары тұрған заңнамаға, бір деңгейдегі актілерге, Президенттің, Үкіметтің тапсырмаларына, сондай-ақ заң техникасының талаптарына сәйкестігін тексеру жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, жобаның қаржылық қамтамасыз етілуі, сараптамалардың тиісті қорытындыларының болуы (экологиялық, экономикалық және т. б.) ескеріледі.)

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін (бұдан әрі – НҚА) мемлекеттік тіркеу болып табылады.

НҚА мемлекеттік тіркеу институты 1993 жылы құрылған.

НҚА мемлекеттік тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Тіркелмеген актілердің заңды күші жоқ.

Әділет органдары НҚА-ның қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізеді, онда негізгі мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қысым жасауға жол бермеу болып табылады.

Жыл сайын әділет органдары орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың 10 000 астам НҚА тіркейді.

НҚА мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әділет органдарының оны жою жөніндегі функциясы заңға тәуелді актілердің заңдылығын, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Заңнама жаңалықтарымен, сондай-ақ барлық әділет органдарымен тіркелген НҚА-мен әрбір азамат НҚА эталондық бақылау банкінде Әділет министрлігінің интернет-ресурсы арқылы таныса алады.

Дата публикации
18 ноября 2019
Дата обновления
18 ноября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Жаңа Конституцияның жобасы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің тәуелсіз Конституциялық кепілі ретінде заңның кері күшін қолдануға жол бермеуді бекітеді
Ақпарат
28 января 2026
БҰҰ-ның шарттық органдардың пайымдаулары
Ақпарат
06 января 2026
Информация Управления внутреннего аудита о проделанной работе за 2025 год

Социальные медиа

YouTube
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты