Меню

Страницы

Статья

Тақырып: «Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы өзекті сұрақтар мен жауаптар»

2023 жылғы 1 қаңтарда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ресми түрде жарияланды, ол жарияланған сәттен бастап 60 күн өткен соң күшіне енеді. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы неге негізделеді?

 Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 2-б. 1-т.).

2. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін қандай негіздер болу қажет?

Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және арыз берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай: ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы; арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша мұндай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы; борышкерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.

Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап он сегіз айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет;  арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің қолданылмауы шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 5-б. 1-т.).

3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздер болу қажет?

Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және арыз берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен асатын міндеттемелердің болуы және мынадай: кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша осындай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай ішінде өтеудің болмауы; борышкерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі шарттарына сәйкес келуі сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.

Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап он сегіз айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет; арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану фактісінің болмауы шарттарына сәйкес келуі сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 6-б. 1-т.).

4. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі құқықтары қандай?

Борышкер: осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен уәкілетті органға жүгінуге; Осы Заңның 6-бабында көзделген негіздер бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен сотқа жүгінуге; осы Заңда көзделген тәртіп сақталған жағдайда өз мүлкін иеліктен шығару бойынша мәмілелер жасасуға; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде өзі және өзінің асырауындағы отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс шамасы мөлшеріндегі ақшаны ай сайын өз иелігінде қалдыруға құқылы. Борышкер ай сайын өз иелігінде қалдыратын ақша мөлшерін кредиторлар ұлғайта алады; осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 7-б. 1-т.).

5. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі міндеттері қандай?

Борышкер: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы арыз берілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторларды осындай арызбен жүгінгені туралы хабардар етуге; егер соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде өзінің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің мүліктік жағдайы өзгеше түрде өзгеріп, мұның өзі оның кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретін не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасқан жағдайда, уәкілетті органға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мұндай рәсімді тоқтату туралы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысандағы арызбен жүгінуге; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын әзірлеуге қатысуға; уәкілетті органның, қаржы басқарушысының, сондай-ақ кредиторлардың жазбаша сұрау салуы негізінде, оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, оларға өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі және міндеттемелері туралы анық ақпаратты беруге;  қаржы басқарушысына өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі және міндеттемелері туралы ақпарат алуда жәрдем көрсетуге;  қаржы басқарушысының осы Заңда көрсетілген талаптарын орындауға және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының іс-шараларын орындауға; осы Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес кредиторға (кредиторларға) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат беруге;  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарында көзделген мәмілелерді қоспағанда, өзіне жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдамауға; оқиға басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кредиторларды еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери қимылдар, төтенше жағдай және басқалар) салдарынан не үшінші тұлғалардың кінәсінен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындаудың мүмкін болмағаны туралы хабардар етуге; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ол мерзімінен бұрын орындалған кезде сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін аяқтау туралы өтінішхатпен жүгінуге; соттың мынадай: сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тоқтату және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімдерінің бірі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүліктік массаны қаржы басқарушысының басқаруына беруге; осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 7-б. 2-т.).

 6. Кредиторлардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктері қандай?

Кредитор: борышкерге өз талаптарын осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мәлімдеуге; борышкерден, қаржы басқарушысынан осы Заңда көзделген рәсімдерге қатысты ақпаратты, сондай-ақ борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы анық ақпаратты алуға; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде борышкердің ай сайын өз иелігінде қалдыратын ақша мөлшерін ұлғайту туралы мәселені қарауға;  банкроттың міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болып табылатын, белгілі болған мән-жайлар туралы қаржы басқарушысына және сотқа хабарлауға; борышкерді әдейі банкроттық тұрғысынан тексеру мақсатында уәкілетті органға арыз беруге; осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

Кредитор: борышкерге өз талаптарын мәлімдеген кезде, өз талаптарының негізі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қаржы басқарушысына ұсынуға; қаржы басқарушысының сұрау салуы бойынша борышкердің төлемге қабілетсіз болуының туындау себептері, оның қаржылық жағдайы, мүлкі мен міндеттемелері туралы қолда бар ақпаратты сұрау салу алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей беруге; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын қарауға және өзінің ұсыныстарын және (немесе) ескертулерін (олар болған кезде) осы Заңда белгіленген мерзімде енгізуге; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын қарау кезінде осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көзделген берешекті қайта құрылымдау құралдарының бірін ұсынуға міндетті.  Осы тармақшаның күші алименттер төлеу, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша кредиторларға қолданылмайды; осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 8-б. 1,2-т.).

7. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады?

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады  (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 10-б.).

 8. Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтау туралы хабарлама алғаннан кейін бақылау субъектілері қандай әрекеттер жасауға құқылы?

 Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылықты жіберуге құқылы (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 11-б. 4,5-т.).

 9. Бұзушылықтарды жою белгіленген мерзімде орындалмағаны үшін жауапкершілік бар ма?

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 11-б. 6-т.).

 10. Уәкілетті орган мен қаржы басқарушысының ақпарат алу  үшін борышкердің келісімі қажет пе?

 Уәкілетті орган мен қаржы басқарушысы борышкердің келісімін алмай, осы Заңда көзделген рәсімдерді қолданудың алдындағы үш жылға дейінгі кезең үшін борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қаржы басқарушысының не уәкілетті органның лауазымды адамының борышкер туралы өздеріне сеніп тапсырылған немесе қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған, Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мәліметтерді жария етуі, сол сияқты осындай мәліметтерді қамтитын құжаттарды жоғалтуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 12-б. 1,2-т.).

11. Қәсімдерді жүргізу кезінде қандай ақпарат құпия болып табылмайды?

Осы Заңда көзделген рәсімдерді жүргізу кезінде мынадай: қаржы басқарушысы; кредиторлар; кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың сомасы және кезектер бөлінісінде оларды қанағаттандыру мөлшері;  рәсімдерді жүргізу мерзімдері; кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигінің орындалуы; қаржы басқарушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы және оларды қарау нәтижелері; қаржы басқарушысын анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту; осы Заңда көзделген рәсімдерді тоқтату негіздері;  осы Заңда белгіленген құқықтарды іске асыру шеңберінде уәкілеттік берілген адамдар бастамашылық жасаған сот талқылаулары туралы ақпарат құпия болып табылмайды (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 12-б. 4-т.).

12.  Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызына қандай құжаттар қоса беріледі?

Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызына: кредиторлардың атауы, берешек сомасы, тұрған жері көрсетілген тізімі; борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы оның себептерінің уәжді негіздемесі көрсетілген жауаптары осы тармақшада көрсетілген рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжаттар болып табылады. Екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым борышкердің арызына жауап бермеген жағдайда, борышкер арызының көшірмесі немесе арыздың электрондық форматта жіберілгені туралы растама осы тармақшада көзделген рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжат болып табылады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 16-б. 2-т.).

13.  «Электрондық үкіметтің» веб-порталында соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш орналастырылған күннен бастап қандай салдар туындайды?

Борышкер туралы мәліметтер «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған күннен бастап мынадай салдар басталады: борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі; соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады; борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады; борышкердің жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады; уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі; борышкердің банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейді;  соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 17-б. 2-т.).

14. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызына қандай құжаттар қоса беріледі?

Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызына: барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (берешектердің сомасын және олардың қалыптасқан күнін, оларды кейіннен хабардар ету үшін тұрғылықты жерінің немесе тұрған жерінің мекенжайын, электрондық мекенжайларын және байланыс телефондарының нөмірлерін (осындай ақпарат болған кезде) көрсете отырып);  банкрот деп тану туралы арызбен жүгінгенге дейін кемінде алты ай бұрын жасалған бағалау туралы есепті (ол болған кезде) қоса бере отырып, борышкер мүлкінің тізімдемесі; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз бергенге дейінгі соңғы үш жыл ішіндегі азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де, оның ішінде талаптары борышкердің мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша міндеттемелердің тізбесі; борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді жүргізу жөнінде шаралар қабылданғанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі;  Екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның себептерінің уәжді негіздемесі көрсетілген банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жауаптары осы тармақшада көрсетілген рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжаттар болып табылады. Екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым борышкердің арызына жауап бермеген жағдайда, борышкер арызының көшірмесі немесе арыздың электрондық форматта жіберілгені туралы растама осы тармақшада көзделген рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжат болып табылады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 20-б. 3-т.).

15. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғаудың қандай салдары бар?

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап мынадай салдар басталады: борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады; борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;  борышкердің өзіне жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады; кредиторлардың мемлекеттік органдардан және өзге де органдар мен ұйымдардан борышкердің мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі;  Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде емделу, жақын туысын емдеуге алып жүру, жақын туысын жерлеу қажет болған жағдайларды қоспағанда, борышкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығуына тыйым салынады; борышкердің банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;  осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкерге талаптар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің шеңберінде ғана қойылуы мүмкін; борышкердің мүлкіне қатысты соттардың бұрын қабылданған шешімдерінің орындалуы тоқтатыла тұрады; мемлекеттік органдардың, өзге де органдар мен ұйымдардың борышкер мүлікті беруге, мүліктік міндеттемелерді төлеуге немесе өзге де тәсілмен орындауға міндетті болатын шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңы 22-б. 1-т.).

Дата публикации
14 февраля 2023
Дата обновления
14 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
29 апреля 2026
Әділет министрлігінің жобалық офисі
29 апреля 2026
Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру
Ақпарат
03 февраля 2026
Жаңа Конституцияның жобасы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің тәуелсіз Конституциялық кепілі ретінде заңның кері күшін қолдануға жол бермеуді бекітеді

Социальные медиа

YouTube
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты