Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті туралы ереже

1. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

4. Департамент:

1) Цифрландыру және ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту басқармасы;

2) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды сүйемелдеу басқармасы;

3) Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және мониторингілеу басқармасы;

4) Жобалық жұмыс басқармасынан тұрады.

Ереже
Дата публикации
09 января 2020