1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Министрліктің бірінші басшының - Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығымен құрылады.
2. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңына, қолданыстағы заңнама талаптарына және мемлекеттік органның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарманың құрылымы және штаттық саны (сандық құрамы) Министрліктің аппарат басшысымен (немесе белгіленген тәртіппен Министрліктің аппарат басшысының міндеттері/өкілеттіктері жүктелген лауазымдық тұлғамен) бекітіледі.
4. Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі осы Ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді, және ол Министрліктің аппарат басшысымен (немесе белгіленген тәртіппен Министрліктің аппарат басшысының міндеттері/өкілеттіктері жүктелген лауазымдық тұлға) бекітіледі.