
1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген.
1998-2002 жылдары – ҚР Қарулы күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет етті.
2002-2005 жылдары – кеңесші, ҚР Премьер-министрі кеңсесiнің сектор меңгерушісі.
2005-2011 жылдары – бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2011-2016 жылдары – ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде істеді.
2016-2017 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысының орынбасары.
2019-2022 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2023-2025 жылдары - ҚР Конституциялық Сотының судьясы.
2025 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР әділет министрі болып тағайындалды.