Жеке сот орындаушыларымен семинар өткізілді

Жеке сот орындаушыларымен семинар өткізілді

2025 жылдың 15 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаментімен,  Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшылығының және облыстың барлық жеке сот орындаушыларының қатысуымен семинар өткізілді. Аталған семинардың тақырыбы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Даму жоспарының 2025 жылға арналған мақсатты индикаторларына қол жеткізу" болды.

Семинар барысында мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша өзекті сұрақтар талқыланып, нәтижесі бойынша Өңірлік палата басшылығының алдына орындау үшін нақты міндеттер қойылды.