Жамбыл облысында ағымдағы жылдың сәуір айында алименттік қарыз 76 миллион теңгеге өтелді

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың сәуір айында алименттік қарыз 76 миллион теңгеге өтелді

Алимент алуға кәмелетке толмаған балалар, ал кейбір жағдайларда еңбекке жарамсыз және мұқтаж кәмелетке толған отбасы мүшелері құқылы.

Ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ мүгедек, мұқтаж кәмелетке толған балаларды асыраумен қамтамасыз ету болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 138 бабының 1 тармағы, 143 бабы).

«Алимент» терминінің мағынасы бір адамның екінші адамға қаржылық қолдау көрсетуін білдіреді. Егер ата-аналар өз балаларын асырау үшін қаражатты өз еркімен бермесе, онда алимент төлеу туралы келісім негізінде немесе сот шешімі бойынша орындалуы мүмкін алименттік міндеттемелер туындайды.

Елімізде жылдан-жылға некені бұзу ісі көбейіп келеді, бұл алимент өндіру бойынша атқару өндірісінің санына кері әсерін тигізуде.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында сот орындаушылары кәмелетке толмаған балалар алдындағы ата-ананың қарызы 3 миллиард теңгеден астам алимент өндіру бойынша 16 188 іс орындауда.

Алимент өндірудің тиімді шараларының бірі борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту болып табылады. Ағымдағы жылдың 4 айында сот орындаушылар 79 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстың сот орындаушыларымен борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша полиция органдарына 28 ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер 1 борышкер бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілді.

Бұл бағыттағы сот орындаушыларының жұмысы өз жемісін беруде. Мәселен, ағымдағы жылдың сәуір айында Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балалардың алдындағы жалпы сомасы 76 039 823 теңге қарыз өтелді.