2025 жылдың 06 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді.
Іс-шара аясында қызметкерлерге 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырлары туралы баяндайтын «Ержүрек есімдер» атты тақырыбында бейнебаян көрінісі көрсетілді.
Әділет органдарының дамуына үлес қоскан қызметкерлер Әділет министрлігінің, Жамбыл облысы мәслихатының, әкімінің, Мемлекеттік қызмет істер агенттінің, Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Осы атаулы күнге орай, Департамент басшылығы өз құттықтау сөздерінде аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын әрқашанда мақтан тұтатынымызды айтып өтті.